Академиялық ұтқырлық және профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу бағдарламаларын іске асыру мақсатында ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы мен терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы 2024 жылғы 10-23 қараша аралығында Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында сабақ өткізді::
1. Кафедра доценті-Кульмирзаева А.Б. Қарағанды медицина университетінің 5 курс білім алушыларына арналған «Клиникалық ортодонтия» пәні бойынша;
2. Кафедра ассистенті - Жиналыс Т.Ж. Алматы қаласы, Асфендьяров атындағы Ұлттық медицина университетінің 5 курс білім алушыларына арналған «Кариесология және клиникалық практика» және «Пародонтология» пәндері бойынша;
3. Кафедра ассистенті- Дәулетбекқызы А.Д. Алматы қаласы С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің 4 курс білім алушыларына арналған «Стоматологиядағы сәулелік диагностика» пәні бойынша;
Жоғарыда аталған ЖОО-лардың білім алушылары тиімді интерактивті әдістемелер мен тәжірибеден алынған өзекті мысалдарды атап өтті, бұл оқу процесін олардың болашақ кәсіби қызметі үшін бұдан да қызықты және пайдалы етеді.