Академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми зерттеу институтының денсаулықты диагностикалау зертханасының базасында. «Белсенді және салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған медициналық-ұйымдастыру іс-шараларын жетілдіру» ғылыми жобасы (10.11.2023 ж. № 641-н/қ бұйрығы негізінде) іске асырылуда, оның мақсаты денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жатқызылған білім алушылардың денсаулығын жақсарту болып табылады (ары қарай-АМТ).
Жүргізілген зерттеу АМТ жатқызылған білім алушылардың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындылар мен оларды физикалық тексеру нәтижелері арасындағы айтарлықтай сәйкессіздіктерді көрсетті: білім алушылардың 95,7% күнделікті қызмет жағдайларына қанағаттанарлық бейімделуді, ал 75,5% жүрек-қантамыр жүйесінің жүктемеге адекватты реакциясын көрсетті, зерттелгендердің 7,4% - денсаулықтың екінші тобы анықталды, ал АМТ білім алушыларының 16% - ы төзімділік коэффициенті бойынша дене дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.