«Алиментарлы-тәуелді аурулар кезінде нутрацевтиктерді қолдану тиімділігінің ғылыми негіздемесі» халықаралық ғылыми жобасы

«Алиментарлы-тәуелді аурулар кезінде нутрацевтиктерді қолдану тиімділігінің ғылыми негіздемесі» халықаралық ғылыми жобасы

Академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми зерттеу институты «Астана медицина университеті» КеАҚ мен Central Asia халықаралық компаниясы арасында жасалған «Алиментарлық-тәуелді аурулар кезінде нутрацевтиктерді қолдану тиімділігінің ғылыми негіздемесі» атты 04.12.2023 ж. №Д2023/3329 қызмет көрсету шартына сәйкес қызметтерін іске асыруда.

Жоба аясында институт қызметкерлері 5 модульден тұратын тәуелсіз кәсіпкерлер үшін тамақтануды оңтайландыру бағдарламасын әзірледі: нутрициологияның негізгі принциптері мен тұжырымдамалары; тағамдық заттар және олардың ағзаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі рөлі; эндоэкология тұжырымдамасы; семіздікті түзету мен алдын алудың метаболикалық тәсілдері; иммундық жүйе (табиғи антиоксиданттар, иммуномодуляторлар, адаптогендер). Бағдарлама Тапсырыс берушінің тәуелсіз кәсіпкерлері арасында енгізіліп, оң пікірлер алынды. Әзірленген бағдарламаға қорғау құжаты алынды.

Қазіргі уақытта Институт қызметкерлерімен 18-64 жас аралығындағы сау адамдарда «Сау ішек микробиомасы» жиынтығының ішек денсаулығы мен микробиотасына әсерін бағалау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика