Академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми зерттеу институты «Астана медицина университеті» КеАҚ мен Siberian Wellness халықаралық компаниясы арасында жасалған 12.11.2024 жылғы №19-ЭД-583 қызмет көрсету шартына сәйкес нутрициология негіздері бойынша білім беру контентін әзірлеу бағытында қызметтерді іске асыруда.
Білім беру контенті нутрициологияның фундаментальды негіздерінен бастап өзекті ғылыми зерттеулерге негізделген практикалық ұсыныстарға дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Әзірленген контент мақсатты аудиторияға дұрыс тамақтану туралы білімді таратудың негізгі тетігі болып табылады.
Осы бағытта Институт өзінің ғылыми дамуын коммерцияландыру және алған білімдерін кеңінен тарату құралы ретінде жаппай ашық онлайн курстарды пайдалануды жоспарлап отыр.