Академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ: жас ғалымдардың

Академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ: жас ғалымдардың

Академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының аясында жас ғалымдардың жобалары жүзеге асырылуда. Институттың білім алушылары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы маңызды сұрақтарға жауап беруге бағытталған өзекті зерттеулерді іске асыруда.

Зерттеу аясында жасөспірімдер жүктілігіне медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіруге бағытталған тәсілдер әзірлеу жоспарланған.
Екінші жоба жүкті әйелдерде D витаминінің жетіспеушілігі немесе тапшылығын ерте анықтауға бағытталған медициналық-ұйымдастырушылық іс-шараларды әзірлеу мен ғылыми негіздеуді қамтиды.


Сондай-ақ, институт тарапынан университетте бейімделген дене шынықтыру мен спортты енгізу бойынша зерттеулер және «Астана медициналық университеті» КЕАҚ қызметкерлерінің денсаулық жағдайына кәсіби қауіп-қатер факторларының әсерін кешенді бағалау жоспарланған.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика