Академик Е.Д.Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы жай-күйіне және одан әрі дамуының негіздемесіне шолу (Денсаулық сақтау жүйесінің White Paper)» ЖОО-ішілік инновациялық жобасының орындаушысы болып табылады (2023 жылғы 13 қарашадағы №08-01\107 бұйрығы негізінде). Өңірлер бөлінісінде республикадағы 20 жыл ішінде жұқпалы сырқаттанушылық пен өлім-жітімге, сондай-ақ жұқпалы қауіпсіздікке талдау жүргізілді. ҚР жұқпалы аурушаңдығын ТМД елдерімен және алыс шет елдермен салыстыру жүргізілді. Бұл мәселені шешу жолдары мен ғылыми-практикалық ұсынымдар жасалды. Жоба бойынша жұмыс қорытындысы бойынша авторлық куәлік алынды және баспаға жариялауға мақала берілді.