2024 жылғы 09-16 қараша аралығында Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Мухамеджанова Асель Узбековна академиялық ұтқырлық шеңберінде «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КеАҚ Алматы қ. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасына барып келді.

Асель Узбековна кафедраның профессор-оқытушылар құрамының сабақтарына қатысып, «Стоматология» мамандығының 2 курс студенттеріне, сондай-ақ «Фармация» және «медицина» мамандықтарының 1 курс студенттеріне «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен практикалық сабақтар жүргізді. Сонымен қатар,кафедра оқытушылары ұйымдастырған «Жасанды интеллект» тақырыбындағы әдістемелік семинарға қатысты.

А.У. Мұхамеджановтың сапарының нәтижесінде  оқу үдерісімен танысты, құнды тәжірибе жинақтады, бұл оның кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді және алған білімдерін әріптестерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

ЖОО аралық ынтымақтастықты ілгерілетіп және нығайтып отырған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессорАжибекова Жанар Жұбандыққызына және оқытушыларға алғысымызды білдіреміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика