Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқу сабақтары

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқу сабақтары

2024 жылғы 18-29 қараша аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында КеАҚ «Астана медицина университеті» «Фармация» білім беру бағдарламасының білім алушыларына С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы сабақ өткізуде.

Пәндер және оқытушылар:

  • «Биохимиялық және аналитикалық токсикология негіздері», «Ксенобиотиктердің химиялық-токсикологиялық талдауы»:
    • Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, доцент Бошкаева Асыл Кеңесқызы (5-курс білім алушыларына арналған).
  • «Дәрілер технологиясының негіздері», «Дәрілік формалар технологиясы»:
    • Фармацевтикалық технология кафедрасының доценттері Әлімова Урзия Сүннатуллақызы және Жандабаева Молдир Әлібекқызы (2 және 3-курс білім алушыларына арналған).
  • «Фармакогнозия негіздері», «Дәрілік шикізаттың сапасын бақылау және стандарттау»:
    • Фармакогнозия және ботаника курсы кафедрасының меңгерушісі Саякова Ғалия Мырзагалиевна және осы кафедраның оқытушысы Хамитова Ақжонас Ермекқызы (4-курс білім алушыларына арналған).

Сабақтар 60 сағаттық көлемде жүргізіліп, теориялық және практикалық аспектілерді қамтиды. Академиялық ұтқырлықты дамытуға үлес қосып жатқан профессорлық-оқытушылық құрамға алғысымызды білдіреміз және білім алушыларға сәттілік тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика