«Медициналық университет Астана» студенттері халықаралық олимпиадада 2 дәрежелі дипломмен марапатталды

«Медициналық университет Астана» студенттері халықаралық олимпиадада 2 дәрежелі дипломмен марапатталды

«Фармация» білім беру бағдарламасының «Медициналық университет Астана» студенттері — Қайдарова Аружан Рамазанқызы, Жусупова Лаура Сейілханқызы, Қанатбек Дана Дінмұхаммедқызы, Сабит Ардақ Мұхтарқызы, Қадралинова Зарина Дәулетовна — «Дәрілік препарат: идеядан пациентке дейін» халықаралық олимпиадасында 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада 2024 жылғы 22 қарашада онлайн форматта өтті.

Олимпиаданы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Башқұрт мемлекеттік медициналық университеті ұйымдастырды.

Студенттер фармацевтика және фармакология саласында жоғары білім деңгейін көрсетті, барлық тапсырмаларды табысты орындап, марапатқа ие болды. Команданың жетекшісі — «Медициналық университет Астана» фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ақпаева Карлыгаш Манаповна, ол студенттерді олимпиадаға даярлау кезінде маңызды қолдау көрсетті.

Студенттеріміз бен олардың жетекшісін бұл жетістікпен құттықтап, ғылыми және кәсіби қызметтерінде жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика