Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

2024         дың 27-30 қарашасы аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері – Сабина Бейбітқызы мен Асланова Жасмин Федорқызы – халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Өзбекстан Республикасы, Бұхара қаласы.

Конференция қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді халықаралық деңгейде талқылауға, ғылыми қоғамдастық өкілдері арасында тәжірибе алмасуға және қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

· Білім алушылар жаңа ғылыми тәсілдермен танысып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы үрдістер мен шешімдер туралы терең білім алды.

· Қатысушылар конференция сарапшыларының оң бағасын алып, ғылыми жобаларын ұсынды.

Ғылыми қауымдастық өкілдерімен кәсіби байланыстар орнатылып, одан әрі ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды  
Білім алушылардың халықаралық конференцияға қатысуы Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебі білім алушылар дайындығының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың кәсіби өсуге және әлемдік ғылыми қоғамдастыққа интеграциялануға деген ұмтылысын атап өтті.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика