Өткен аптада Астана медицина университетінде «Фармация» мамандығының түлектері үшін Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен жетекші фармацевтикалық компания «Аманат» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.
«Аманат» ЖШС-нің әлеуетті жұмыс берушілер жас фармацевттерге өз компаниялары туралы, оның нарықтағы маңызы, қызметкерлердің кәсіби дамуына салынатын инвестициялар мен «Долголет» ЖШС, «ФОРМАТ.KZ» ЖШС, «Заман Фарм Ритейл» ЖШС, «Интертич» ЖШС және «Витава» ЖШС сияқты компанияларда мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.
Дәріхана жетекшілері Е. М. Бармина, Ж. М. Үсен және Б.М. Бекешева жеке әңгімелерімен бөлісіп, фармацевт көмекшілерінен бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жас мамандарға мансаптық өсу перспективаларын көрсетті.
Астана медицина университетінде мұндай кездесулер тұрақты өткізіліп тұрады, бұл оқу орнының түлектерін жұмысқа орналастыру ісіне ерекше мән беретіндігін дәлелдейді. Университет жетекші компаниялармен тығыз ынтымақтаса отырып, студенттерге болашақ жұмыс берушілермен тікелей тілдесуге және мансабын сәтті бастау үшін пайдалы кеңестер алуға мүмкіндіктер жасайды.