ВИЧ инфекциясының таралуы мен алдын алу мәселелеріне арналған бұл шараға жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері, мектеп оқушылары, медициналық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Акцияның мақсаты қоғамның ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес аясында адам құқықтарын сақтау маңыздылығына назар аудару болды. Біздің студенттер осы іс-шараның сәтті өтуіне өз үлестерін қосып, ВИЧ инфекциясының проблемалары туралы ақпараттандыру мен халықтың хабардарлығын арттыру мақсаттарын қолдады.