ЖОО АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ЖОО АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ЖОО АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2024 жылғы 30 қараша мен 7 желтоқсан аралығында академиялық ұтқырлық шеңбері аясында Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Баймаханбетова Асем Қанатқызы «Семей медицина университеті» КеАҚ – на іссапармен барып қайтты. Сапардың мақсаты – «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша практикалық сабақтар өткізу, сондай-ақ әріптестермен тәжірибе алмасу.

А.К. Баймаханбетова кафедраның профессор – оқытушылар құрамының сабақтарына қатысып, «Медицина», «Педиатрия» мамандықтарының 1 курс студенттеріне «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен практикалық сабақтар өткізді.

Бұл сапар білім беру саласындағы практикаларды дамыту мен тәжірибе алмасу арқылы университет аралық ынтымақтастықты нығайту жолында тағы бір маңызды қадам болды. А.К. Баймаханбетова оқу процесімен танысып, кәсіби біліктілігін дамытуға қажетті құнды тәжірибе алды.

 «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, философия доценті Г.Т.Уранхаева мен кафедраның оқу ісі жөніндегі оқытушысы Әсем Дүйсенғалиқызы Ғалымоваға бірлескен жұмыс барысында университет аралық ынтымақтастықты нығайтқаны үшін алғысымызды білдіреміз.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика