Ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық туралы меморандум

2024 жылғы 13 желтоқсан күні, «Астана медицина университеті» КеАҚ мен «Қазақстан студент-медиктер одағы» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою Университет пен студент-медиктер қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады.

Оның мақсаты — өзара әрекеттестікті нығайту, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру жобаларына қатысу.

Бұл маңызды қадам университетіміздің білім алушылары үшін бірегей мүмкіндіктер жасауға және жоспарланған бірлескен жобаларға белсене қатысуға негіз болады. Бірге жаңа белестерге!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика