Проректор Диас Сайданғазиннің жетекшілігімен студенттер өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды.
Қайырымдылық акциясы аясында студенттік актив орталық тәрбиеленушілері үшін нағыз жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Балалар интерактивті ойындарға қатысып, сыйлықтар алды және студенттердің күш-жігерінің арқасында мерекелік атмосфераның әсерінен ләззат алды.
Іс-шараны өткізуге қаражат пен сыйлықтар Студенттік ректорат ұйымдастырған қайырымдылық кино кеші кезінде, сондай-ақ университеттің басқа бастамалары, соның ішінде футбол турнирі мен қайырымдылық жәрмеңкесі арқылы жиналды.
Астана медицина университеті әрдайым студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қолдайды және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған игі істер дәстүрлерін дамытуға ұмтылады.