Астана Медицина Университетінде «Қытай мен Қазақстан арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес технологияларын зерттеу және қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сунь Ятсен атындағы Чжуншань университетінің (ҚХР) қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің өкілдері және қазақстандық мамандар қатысты.
Талқылау барысында тараптар инфекциялық ауруларды бақылау мен оларға қарсы күрестің заманауи технологияларының негізгі аспектілерін қозғады, қоғамдық денсаулық сақтау саласында озық тәжірибелерімен алмасты және екі елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін халықаралық әріптестікті нығайту жолдарын қарастырды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша келесі бағыттар бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізілді:
· Жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді әзірлеу және іске қосу;
· Денсаулық сақтаудың озық технологияларын клиникалық практикаға енгізу және медицина кадрларын даярлау;
· Денсаулық сақтау саласындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске қосу.
Кездесудің шарықтау шегі Қазақстан мен Қытай университеттері арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.
Іс-шара екі елдің жоғары оқу орындары арасында әріптестікті нығайту және білім алмасу жолындағы маңызды қадам болды, бұл инфекциялық қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлерге бірлескен күш-жігермен қарсы тұруға мүмкіндік береді.