Астана медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебінің 3 курс студенті Айдарханова Жансая Тығыбергенқызы дарынды студенттерге арналған халықаралық байқауда «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Байқауды «Білім-Өркениеті» Ұлттық инновациялық зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясы» ұйымдастырды.
Бұл мәртебелі награда Жансаяның толағай табыстарының, алғырлығының, білімге деген құштарлығы мен еңбекқорлығының жемісі. Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың жетістіктері ғылым мен денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосады деп сенім білдіреміз.
Жансаяны лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Сізге одан әрі жетістіктер, жаңа биіктер мен жарқын жаңалықтар тілейміз.