Бедел, тұрақтылық, даму: әскери кафедраға қабылдау басталды

Бедел, тұрақтылық, даму: әскери кафедраға қабылдау басталды

Бедел, тұрақтылық, даму: әскери кафедраға қабылдау басталды

Кәсіби дәрігер болуды ғана емес, әскери тәжірибе, беделді атақ пен қосымша жеңілдіктер алуды армандайсыз ба? Астана медициналық университетінің әскери кафедрасы "Медицина" және "Педиатрия" мектептерінің екінші курс студенттеріне запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Бұл жай ғана білім емес - бұл тұрақтылыққа, кәсіби өсуге және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында өз еліне қызмет ету мүмкіндігіне жасалған қадам.

Әскери дайындық құрылымы

Әскери дайындық жалпы ұзақтығы 588 академиялық сағатты құрайтын теориялық және практикалық курстарды қамтиды. Оның ішінде 360 сағат теориялық дайындыққа, ал 228 сағат практикалық дайындыққа бөлінеді. Жігіттер далада практикалық оқудан (оқу – жаттығу жиындары), ал қыздар - ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас госпиталінің базасында кәсіби тәжірибеден өтеді.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де іске асырылады. Коммерциялық негізде оқу құны - жылына 152 790 теңге.

Студенттерді іріктеу процесі

Әскери кафедраға студенттерді іріктеу жыл сайын конкурстық негізде жүргізіледі. Байқау төрт кезеңнен тұрады:

1. Медициналық куәландыру - әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес.

2. Кәсіби - психологиялық тестілеу - жеке қасиеттерін бағалау үшін.

3. Дайындығын тексеру - үміткерлердің физикалық төзімділігін бағалау.

4. Конкурстық іріктеу - рейтингтік балл бойынша (GPA).

Құжаттар "Медицина" және "Педиатрия" мектептерінің 2 курс студенттерінен қабылданады.

Әскери медицина: маңыздылығы мен болашағы

Әскери медицина - бұл әскери қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, аурулардың алдын алуға және жауынгерлік жарақаттарды тиімді емдеуге бағытталған ғылыми білім мен практикалық дағдылар жүйесі. Кафедраның негізгі пәндеріне мыналар жатады:

- Медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы,

- Жалпы әскери дайындық,

- Әскери токсикология,

- Әскери-далалық хирургия және терапия,

- Әскери гигиена және эпидемиология.

 

Бағдарлама сәтті аяқталғаннан кейін студенттерге "запастағы медициналық қызметтің лейтенанты" және "запастағы медициналық қызметтің кіші сержанты" әскери атақтары беріледі. Қызметті жалғастыруға шешім қабылдағандар әскери медициналық мамандар ретінде белсенді қызметке шақырылуы мүмкін.

Қарулы Күштердегі қызметтің артықшылықтары

Медициналық қызметтің әскери қызметшілері бірқатар әлеуметтік және кәсіби кепілдіктер алады:

- Қызметтік тұрғын үймен немесе тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз ету;

- Қосымша төлемдермен тұрақты жоғары жалақы;

- Азаматтық медициналық мекемелерде қосымша жұмысқа орналасу мүмкіндігі;

- Әлеуметтік аударымдар мен салықтардан босату;

- Тегін медициналық көмек және курорттық емдеу;

- 30 тәуліктен басталатын жыл сайынғы негізгі демалыс, қосымша жеңілдіктер;

- Біліктілікті арттыру және шетелде оқу мүмкіндігі (Ресей, Түркия, АҚШ және т. б.);

- БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысу;

- Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (47 жастан бастап зейнетке шығу мүмкіндігі).

Әскери қызмет - бұл Отанды қорғау ғана емес, сонымен қатар кәсіби өсу, тұрақтылық және әлеуметтік қауіпсіздік мүмкіндігі. Астана медициналық университетіндегі әскери даярлық бағдарламасы өз мансабын армиядағы медициналық қызметпен байланыстырғысы келетін студенттер үшін кең перспективалар ашады.

Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік, 51, 4 қабат мекен-жайы бойынша әскери кафедраға хабарласуға болады. Телефон: 8 (7172) 53-96-12.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика