«Астана медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамын, магистранттар мен докторанттарды Prof. Dr. Amin Tamadon, биологиялық ғылымдар саласының профессорының жетекшілігімен «Visiting Professor» (шақырылған профессор) бағдарламасы аясында өтетін интенсивті воркшопқа қатысуға шақырады.
Воркшоп ғылыми жазылым дағдыларын дамытуға және қатысушыларды халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланым жасауға дайындауға бағытталған. Оқу барысында қатысушылар академиялық жазылымның негізгі қағидаттарын, ғылыми әдебиеттерді іздеу және талдау әдістерін, сондай-ақ шолу мақаласын (narrative review) дайындау принциптерін меңгереді.
Тақырып: Systematic Review және Meta-analysis (бастапқы деңгей)
Формат: интенсив
Күні: 18–22 мамыр 2026 ж.
Уақыты: 14:00–18:00
Оқыту тілі: ағылшын тілі
Мақсатты аудитория: «Астана медицина университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар, ғылыми жазу және жарияланым белсенділігін дамытуға қызығушылық танытушылар
Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік көш., 49а, 401 кабинет
WhatsApp тобына қосылу:
https://chat.whatsapp.com/JTJJONXUoAMFgHIysv4qYZ?mode=gi_t
1-күн (18.05) – Сессия 1: Systematic review-ге кіріспе
- PRISMA 2020
- Зерттеу сұрағын қалыптастыру (PICO)
- PROSPERO жүйесінде тіркелу
2-күн (19.05) – Сессия 2: Зерттеулерді іріктеу және деректерді алу
- Қосу/шығару критерийлері
- Скрининг құралдары (Rayyan)
- Excel-де кестелер әзірлеу
3-күн (20.05) – Сессия 3: Ықтимал қателіктерді бағалау
- Cochrane RoB
- ROBINS-I
- Newcastle-Ottawa Scale
4-күн (21.05) – Сессия 4: Meta-analysis-ке кіріспе (R)
- R және RStudio орнату
- Пакеттер: meta, metafor
- Әсер мөлшерлері (OR, RR, MD, SMD)
5-күн (22.05) – Сессия 5: Негізгі meta-analysis
- Forest plot
- Гетерогенділік (I²)
- Практикалық жұмыс
Қатысу үшін 2026 жылғы 03 мамырға дейін тіркелу қажет:
https://forms.gle/t2uP8QtRJukkyWqW7