Астана медицина университетінде Еуропалық иммундау апталығына орайластырылған дөңгелек үстел өтті. Сараптама алаңы заманауи қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды тақырыптарының бірі - халықты вакциналау және инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасы саласындағы өзекті сын-қатерлерді талқылау үшін оқытушыларды, тәжірибелі мамандарды, студенттерді, интерндерді және резиденттерді біріктірді.
Іс-шараны эпидемиология және биостатистика және № 3 ішкі аурулар кафедралары, сондай-ақ университеттің резидентура және клиникалық жұмыс бөлімі ұйымдастырды.
Жиналғандарға эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айман Мусина құттықтау сөз сөйледі. Ол болашақ дәрігерлерде жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді құралдарының бірі болып қалатын,вакциналық профилактика туралы заманауи білімді қалыптастырудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында мамандар аурушаңдық пен өлім-жітімді азайтуда вакциналаудың тиімділігі дәлелденгеніне қарамастан, бүгінде бірқатар елеулі проблемалар сақталып отырғанын атап өтті. Олардың ішінде - халықтың сенімінің төмендеуі, жалған ақпарат тарату, вакциналарға біркелкі қол жеткізбеу және профилактикалық егулермен қамтудың азаюы. Мұндай үрдістер қызылша мен көкжөтелді қоса алғанда, бұрын бақыланған инфекциялардың қайтып келу, сондай-ақ аурулардың жаңа ошақтарының пайда болу қаупін туғызады.
Мазмұнды баяндамалармен эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы, дәрігер-эпидемиолог Дәулет Байбосынов, медицина ғылымдарының кандидаты, инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының доценті Анатолий Бугаков, «Ересектер мен балалар иммунологиясы аллергологиясы» мамандығы бойынша оқытудың 2-курс резиденті Асылбек Әйгерім сөз сөйледі (ғ.ғ.к. ғылыми жетекшісі, доцент Гүлзада Өтеубаева), медицина ғылымдарының кандидаты, № 1 балалар аурулары кафедрасының профессоры, педиатр-дәрігер Мәдина Гатауова, сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлшан Иханбаева және «АМУ медицина орталығы» ЖШС өкілдері.
Спикерлер иммундық-биологиялық препараттарды жасаудың тарихи аспектілерін, әлемде және Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуы бойынша статистикалық деректерді, сондай-ақ халықты иммундауды ұйымдастыру кезінде денсаулық сақтау жүйесінде кездесетін практикалық мәселелерді атап өтті.
Дөңгелек үстел кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және вакцинаның өзекті аспектілерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Өткізілген іс-шара білім алушылар мен медицина қызметкерлерінің халық денсаулығын сақтаудағы және инфекциялық аурулардың алдын алудағы вакцинацияның негізгі рөлі туралы хабардар болуын арттыруға ықпал етті.