Астана медицина университеті Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында білім беру қызметі рейтингі бойынша 1-орын алды

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша медициналық жоғары оқу орындарының білім беру қызметі рейтингі нәтижесінде Астана медицина университеті Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары арасында құрметті 1-орынға ие болды.

Бұл нәтиже мамандар даярлау сапасының жоғары деңгейін, білім беру бағдарламаларының дамуын және оқытуда заманауи тәсілдердің енгізілуін көрсетеді.

Рейтинг білім беру сапасы, түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, білім беруді интернационалдандыру, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының деңгейі сияқты негізгі көрсеткіштер негізінде қалыптастырылды.

Университеттің позициясын нығайтуға және осы жетістікке үлес қосқан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика