Астана медицина университетінде әскери медицина ардагерінің 75 жылдығына арналған конференция өтті

Астана медицина университетінде әскери медицина ардагерінің 75 жылдығына арналған конференция өтті

Астана медицина университетінде әскери медицина ардагерінің 75 жылдығына арналған конференция өтті

Астана медицина университетінде медицина қызметінің ардагері, медицина қызметінің полковнигі және әскери кафедраның алғашқы түлегі Мұқанов Қанат Рақымжанұлының 75 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны университеттің әскери кафедрасы ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің әскери дәрігер мамандығына қызығушылығын арттыру, қазақстандық патриотизмді дамыту, сондай-ақ білім алушыларды әскери медицина саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

Құрметті қонақтар қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Дихан Қамзабекұлы, экономика ғылымдарының докторы, академик Гүлнар Сапарова, сондай-ақ мерейтой иесінің жұбайы Айша апа болды. Сонымен қатар іс-шараға Қанат Рақымжанұлымен бірге әскери қызмет атқарған әріптестері қатысты.

Қатысушылар әскери кафедра оқытушылары мен студенттерінің баяндамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі бастығының орынбасары, медицина қызметінің майоры Земфира Рамазанқызының сөз сөйлеуіне ерекше қызығушылық танытты. Баяндамаларда әскери медицинаны дамытуға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев пен Ерлан Барлыбаевтың атынан Астана медицина университетінің ұжымына алғыс хат табысталды.

Іс-шара ұрпақтар сабақтастығының маңызын, ардагерлердің кәсіби жолына деген құрметті және қазіргі жағдайда әскери медицинаны дамытуға ұмтылысты айқындады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика