12 мамыр күні бүкіл әлемде Халықаралық мейіргер күні аталып өтеді - бұл күн денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын және сапалы медициналық көмектің негізін құрайтын мамандардың кәсіби мерекесі.
Астана медицина университеті мейіргерлерге жоғары кәсібилігі, өз ісіне адалдығы, мейірімділігі мен пациенттерге деген қамқорлығы үшін алғыс білдіреді.
Мейіргерлер - пациенттің жанынан күн сайын табылатын, емдеудің әр кезеңінде кәсіби күтім, назар, қолдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар. Олардың жұмысы терең білім мен жоғары жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар кең жүрек, төзімділік пен жанқиярлықты талап етеді.
Бүгінде мейіргерлік білім беру МУА-дағы кадр даярлаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 168 бакалавр, 6 магистрант және «Мейіргер ғылымы» мамандығы бойынша 5 докторант білім алуда.
Университет заманауи денсаулық сақтау жағдайында тиімді жұмыс істей алатын, ғылыми тәсілдерді енгізетін және медициналық көмектің сапасын арттыруға үлес қосатын жоғары білікті мейіргер ісі мамандарын даярлауды жалғастыруда.
Астана медицина университеті барлық медициналық мейіргерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс, шабыт және жаңа даму мүмкіндіктерін тілейді.
Халықаралық мейіргер күні құтты болсын!