Ғылымнан практикаға: Астана қаласында мейіргер ісінің болашағы талқыланды

Ғылымнан практикаға: Астана қаласында мейіргер ісінің болашағы талқыланды

Ғылымнан практикаға: Астана қаласында мейіргер ісінің болашағы талқыланды

Қалалық психикалық денсаулық орталығында «Астана Медицина университеті» Мейіргер ісі кафедрасының ұйымдастыруымен, Халықаралық мейіргерлер күніне арналған Форум аясында «Ғылымнан практикаға: білім беру және ғылыми тәсілдерді мейіргерлік тәжірибеге кіріктіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, мейіргерлік қызмет басшылары, мейіргер ісі саласындағы сарапшылар, кәсіби ассоциациялар өкілдері, оқытушылар, магистранттар, докторанттар және практикалық денсаулық сақтау мейіргерлері қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы — ғылым, білім және практикалық денсаулық сақтау салаларының тығыз интеграциясы арқылы заманауи мейіргер ісін дамыту болды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің Мейіргер ісін дамыту басқармасының басшысы Гульмира Алмагамбетова дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен бастап, ашты. Басқарма басшысы өз кіріспе сөзінде мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлін арттырудың маңыздылығын және заманауи білім беру және ғылыми тәсілдерді практикалық қызметке енгізудің қажеттілігін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің спикерлері - Қазақстандық «AQNIET» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Бахытжан Тажибай, Мейіргер ісі кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Зауре Байгожина, «UMC» КҚ директордың мейіргер ісі бойынша орынбасары, «Парыз» «Мейіргер ісі мамандары» РҚБ төрайымы Гаухар Касимова, №5 қалалық емхананың бас мейіргері, Астана қаласының ДСБ штаттан тыс маманы Кульзи Абенова, сондай-ақ NU «Жалпы медицина» мектебінің доценті Джозеф Алмазан баяндама жасады.

Дискуссия барысында білім беру мекемелерінің практикалық денсаулық сақтау саласымен өзара әрекеттестігіне, мейіргерлерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға және заманауи ғылыми жетістіктерді практикалық жұмысқа енгізуге ерекше назар аударылды.

Кейстары, өздерінің зертеулерінің нәтижелері және кәсіби жобаларды жүзеге асыру тәжірибелерімен дөңгелек үстелдің қатысушылары - елордалық медициналық ұйымдардың жетекші мейіргерлері, мейіргер ісі кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ әртүрлі курс магистранттары мен докторанттары бөлісті.

Қатысушылар осындай алаңдардың кәсіби диалогты, тәжірибе алмасуды және бірлескен шешімдерді қалыптастыру үшін маңызды механизм болып табылатынын атап өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мейіргер ісі саласындағы білім беру және кәсіби стандарттарды жетілдіру, сондай-ақ ғылым мен білімнің практикалық денсаулық сақтау саласымен байланысын нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Дөңгелек үстел Қазақстанда мейіргер ісінің қазіргі уақытта дербес кәсіби және ғылыми сала ретінде қарқынды дамып келе жатқанын және медициналық көмектің сапасын арттырудағы негізгі рөлін тағы да дәлелдеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика