2026 жылғы 4-5 мамырда Астана медицина университетінде Қазақстан, Қытай және Ресейден 250-ден астам сарапшы жиналған "Bridging Clinical Innovation, Medical Education and Artificial Intelligence" халықаралық конференциясы өтті.

Конференция денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттарын-жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуді, медициналық білім беруді трансформациялауды және клиникалық инновацияларды практикаға біріктіруді талқылауға арналған алаңға айналды. Бағдарлама аясында медициналық кадрларды даярлауға, заманауи білім беру тәсілдеріне және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған пленарлық сессиялар мен тақырыптық секциялар өтті.

Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды. Қытайдан келген жетекші профессорлардың қатысуымен онкология, нейрохирургия, ортопедия, акушерлік және гинекология салаларында демонстрациялық операциялар өтті. Сондай-ақ заманауи технологиялық шешімдерді көрсететін медициналық және симуляциялық жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Конференция аясында оқытуды бағалау жүйесінде жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша мастер-класс, сондай-ақ РУМС ОӘБ кеңейтілген отырысы және медициналық колледждердің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған Lin-gang Medical Device Innovation Center (ҚХР)-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою маңызды нәтиже болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика