Назар аударыңыздар, «Астана медицина университеті» КеАҚ білім алушылары!
Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және белсенді жастарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған
«ҮЗДІК ЖАС САЯСАТКЕР» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқау жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, азаматтық белсенділігін арттыруға және бастамашыл жастарды қолдауға бағытталған.
Байқауға 16–35 жас аралығындағы білім алушылар қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 мамырға дейін.
Қатысу шарттары және толық ақпарат бойынша мектеп деканаттарына хабарласуларыңызды сұраймыз.