2027 жылғы Тұрақты даму саласындағы Заид сыйлығына (Zayed Sustainability Prize) өтінімдер қабылдау ашылды

2027 жылғы Тұрақты даму саласындағы Заид сыйлығына (Zayed Sustainability Prize) өтінімдер қабылдау ашылды

2027 жылғы Тұрақты даму саласындағы Заид сыйлығына (Zayed Sustainability Prize) өтінімдер қабылдау ашылды

МӘЛІМЕТ ҮШІН! 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктерімен бекітілген Орнықты даму саласы бойынша 2027 жылғы Заид сыйлығына (Zayed Sustainability Prize) өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

Анықтама ретінде: аталған халықаралық сыйлық 2008 жылы құрылған және денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, су ресурстары және климаттық өзгерістер салаларындағы жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларды қолдауға арналған. Сыйлық шағын және орта кәсіпорындарға, коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ орта мектептерге беріледі.

Сыйлықтың мақсаты – тұрақты даму саласындағы озық әрі инновациялық бастамаларды анықтау және халықаралық деңгейде қолдау көрсету, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тиімді жобаларды ынталандыру болып табылады.

Сыйлық туралы толық ақпаратпен келесі сайт арқылы танысуға болады: https://zayedsustainabilityprize.com/en/media-center

Өтінімдер 2026 жылғы 22 маусымға дейін қабылданады

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ұйымдастырушылар тарапынан байланыс тұлғасы ретінде Сафия Жасим анықталған: тел.: +971507578858, e-mail: sjasim@masdar.ae.

 

Өтінім берген жағдайда, Адами ресурстарын дамыту департаментіне, менеджер Мадина Агибаеваға (тел. 577-891, ішкі 290) хабарлауыңызды сұраймыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика