Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау үшін құжаттарды қабылдау

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау үшін құжаттарды қабылдау

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау үшін құжаттарды қабылдау

2026 жылғы 15 маусым мен 25 шілде аралығында «Астана медицина университеті» білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау үшін құжаттарды қабылдайды.

Бакалавриат білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін

Өтініштерді онлайн форматта келесі сайт арқылы тапсыру қажет: transfer.amu.kz

Құжаттарды жүктеу кезінде:

файлдарды тек PDF форматында жүктеу;

құжаттардың сапалы сканерленген нұсқаларын тіркеу;

барлық құжаттардың толық әрі анық оқылатынына көз жеткізу қажет.

Магистратура, докторантура және білім берудің басқа деңгейлерінің білім алушылары үшін

Құжаттар офлайн (жеке келу арқылы) қабылданады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Абай көшесі, 47, 415-кабинет

Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы

 

Жұмыс кестесі

дүйсенбі – жұма: 08:30-дан 17:30-ға дейін;

түскі үзіліс: 12:30-дан 13:30-ға дейін;

сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

 

Құжаттарды тапсырар алдында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін реттейтін «Астана медицина университеті» Академиялық саясатының ережелерімен танысу ұсынылады.

Қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар университеттің сайтындағы «Ауыстыру және қайта қабылдау» бөлімінде орналастырылған.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика