Жаңа дәуірдің жаңа белесі

Жаңа дәуірдің жаңа белесі

Жаңа дәуірдің жаңа белесі

Астана медицина университетіне Ұлттық университет мәртебесі беріліп, оған көрнекті ғалым, академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі.

Бүгін Үкіметтің бұл бастамасын Мемлекет басшысы қолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешім университетіміздің медициналық кадрларды даярлаудағы, ғылымды дамытудағы және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтудағы айрықша рөлін мойындаудың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Төрегелді Шармановтың есімі отандық медицинаның тарихымен тығыз байланысты. Ол-көрнекті ғалым, Қазақстандық нутрициология ғылымының негізін қалаушы, академик, мемлекет және қоғам қайраткері. Өз ғұмырын ғылымды дамыту мен ұлт денсаулығын нығайту ісіне арнаған тұлғаның идеялары, ғылыми зерттеулері мен ұстанымдары дәрігерлер мен ғалымдардың бірнеше буынының қалыптасуына зор ықпал етті.

Университетке Төрегелді Шармановтың есімін беру және Ұлттық университет мәртебесін тағайындау-үлкен құрмет қана емес, сонымен қатар зор жауапкершілік. Бұл-ұрпақтар сабақтастығының, отандық медицинаның көрнекті өкілдерінің мұрасына деген құрметтің және жаңа жетістіктерге ұмтылыстың символы.

Бүгін университет тарихының жаңа парағы ашылуда. Бұл кезең бай дәстүрлерге сүйеніп, болашаққа нық қадам басатын даму жолымен жалғасады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика