Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Астана медицина университеті» КеАҚ қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттады. Кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және медициналық кадрларды даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
«Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталғандар:
Асылбек Хасанұлы Шандаулов – қалыпты физиология кафедрасының профессоры;
Халида Кубентайқызы Шарипова – №1 акушерия және гинекология кафедрасының доценті.
«Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар:
Тимофей Федорович Коваленко – профессор Г.В.Цой атындағы хирургия ғылыми-білім беру орталығының доценті;
Ләззат Абланқызы Каспақова – ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының оқытушысы;
Әлия Әбдіғалиқызы Есжанова – №2 акушерия және гинекология кафедрасының оқытушысы.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
Раушан Қозғанбайқызы Секенова – қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент кафедрасының доценті;
Бақтыберген Садықұлы Урекешов – Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының профессоры;
Фатима Машимқызы Сүлейменова – А.Б.Аубакиров атындағы адам анатомиясы кафедрасының профессоры;
Гүлнар Аяпбекқызы Рахимбекова – ішкі аурулар №3 кафедрасының профессоры.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Айнұр Әділғалиқызы Мұхамеджанова – отбасылық медицина №2 кафедрасының доценті;
Елена Борисовна Гудым – реабилитология және спорттық медицина кафедрасының аға оқытушысы;
Алмас Әбіхасұлы Құсайынов – психиатрия және наркология кафедрасының доценті;
Алина Владимировна Шелестюк – №1 акушерия және гинекология кафедрасының оқытушысы;
Жанна Өмірбекқызы Тастанбекова – балалар хирургиясы кафедрасының оқытушысы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
Гүлнара Жетпісбайқызы Бабжанова – филологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы; Марина Васильевна Савенок – дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының оқытушысы;
Сәуле Маратқызы Юсубалиева – дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика кафедрасының оқытушысы;
Лайла Хыдырпатша – неврология кафедрасының оқытушысы;
Евгения Альбертовна Нараулова – терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының оқытушысы.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметінде толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен зор денсаулық тілейміз!