«Үздік маман – 2026» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз атанғандар:
«АстМУ-ның үздік ғалымы» - Гүлнар Рыскелдіқызы Батпенова – дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі.
«АстМУ-ның үздік жас зерттеушісі» - Құралай Бақытбекқызы Ілбекова – Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтының радиациялық қауіпсіздік және гигиена зертханасының меңгерушісі.
«АстМУ-ның үздік оқытушысы» - Ләззат Нұрмаханбетқызы Ерментаева – В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының доценті.
«АстМУ-ның үздік дәрігері» (хирургиялық мамандық бойынша) - Серік Саятұлы Искаков – №2 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі.
«АстМУ-ның үздік дәрігері» (терапиялық мамандық бойынша) - Айжан Танірбергенқызы Бекишева – онкология кафедрасының доценті.
«АстМУ-ның үздік дәрігері» (педиатриялық мамандық бойынша) - Майра Сәдібекқызы Балғаева – неврология кафедрасының доценті.
Жеңімпаздарды кәсіби жетістіктерінің жоғары бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға жаңа белестерді бағындырып, ғылыми және білім беру жобаларын табысты жүзеге асыруды, кәсіби тұрғыдан дамуды және отандық денсаулық сақтау мен медициналық білім беру саласының өркендеуі жолында толағай табыстарға жетуді тілейміз.