Астана медицина университетінде конституциялық өзгерістер мен олардың медицинаны дамытуға ықпалы талқыланды

Астана медицина университетінде конституциялық өзгерістер мен олардың медицинаны дамытуға ықпалы талқыланды

 Астана медицина университетінде конституциялық өзгерістер мен олардың медицинаны дамытуға ықпалы талқыланды

Астана медицина университетінде профессорлық-оқытушылық құрамның жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен конституциялық реформаларды іске асырудың алдағы кезеңіне арналған кездесуі өтті. Іс-шараны университеттің Адами ресурстарды дамыту департаменті мен Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Кездесуде Сот медицинасы және құқық кафедрасының қызметкерлері – аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Гүлмира Базарова және доцент, заң ғылымдарының кандидаты Әсия Дәулетханова сөз сөйлеп, Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер, олардың азаматтардың құқықтарын нығайтудағы маңызы және мемлекеттік институттарды одан әрі жетілдірудегі рөлі туралы баяндады.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер тудырды. Кездесу барысында медициналық саланы дамытуға, халық денсаулығын қорғау саласындағы конституциялық кепілдіктерді күшейтуге және азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңашылдықтар мен реформалар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ енгізіліп жатқан өзгерістердің денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға және сұранысқа ие медициналық кадрларды даярлауға қалай ықпал ететініне ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, алдағы өзгерістердің медицина қауымдастығы үшін практикалық маңызын талқылады. Мұндай формат Конституцияның негізгі қағидаларын тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен қатар жүргізіліп жатқан реформалар жағдайында отандық медицинаның даму перспективаларын бағалауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар конституциялық өзгерістерді іске асырудың жаңа кезеңінің басталуымен денсаулық сақтау саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен кепілдіктер туралы халықты ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі арта түсетінін атап өтті. Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және реформалардың Қазақстанның заманауи медицина жүйесін дамытудағы рөлін терең түсінуге ықпал етеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика