Астана медицина университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебі магистратурасы түлектеріне диплом табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл – университет өміріндегі ең маңызды әрі көптен күткен айтулы оқиғалардың бірі.
Магистр дәрежесі оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін дәлелдеген 94 түлекке табысталды. Биылғы түлектер төмендегі 10 білім беру бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады:
7М10103 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»;
7М10105 – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»;
7М10110 – «Нутрициология»;
7М10116 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»;
7М10119 – «Эпидемиология»;
7М10121 – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»;
7М10122 MBA – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»;
7М10128 – «Биологиялық қауіпсіздік»;
7М10131 – «Геронтология»;
7М10132 – «Нутрициология».
Бүгінгі таңда түлектер өмірлерінің жаңа кезеңіне қадам басып, алған білімдері мен кәсіби құзыреттерін тәжірибеде қолдануға, денсаулық сақтау саласына заманауи тәсілдерді енгізуге, ғылыми зерттеулерді дамытуға және халық денсаулығын нығайтуға өз үлестерін қосуға дайын.
Салтанатты рәсім түлектерді, профессорлық-оқытушылық құрамды, тәлімгерлерді, сондай-ақ ата-аналары мен жақындарын бір арнаға тоғыстырған ерекше мерекеге айналды. Бұл күн маңызды өмірлік кезеңнің сәтті аяқталғанын және жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашылғанын айшықтайтын есте қаларлық сәт ретінде жадыда сақталады.
Астана медицина университетінің ұжымы магистратураны табысты аяқтаған түлектерді шын жүректен құттықтайды! Алған білімдеріңіз болашақтағы биік жетістіктеріңізге берік негіз болып, кәсіби жолдарыңыз жарқын жеңістерге, қызықты жобаларға, мансаптық өсуге және үздіксіз дамуға деген ұмтылысқа толы болсын. Алға қойған мақсаттарыңызға нық қадаммен жетіп, таңдаған мамандықтарыңызға адал болып, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз!