Денсаулық сақтау жүйесіне 2000 жаңа маман: Астана медицина университеті түлектерін үлкен өмірге шығарып салды

Денсаулық сақтау жүйесіне 2000 жаңа маман: Астана медицина университеті түлектерін үлкен өмірге шығарып салды

Денсаулық сақтау жүйесіне 2000 жаңа маман: Астана медицина университеті түлектерін үлкен өмірге шығарып салды

Астана медицина университетінде диплом табыстау салтанаты өтті. Бұл-2142 түлек үшін көптен күткен әрі толқынысқа толы ерекше сәт болды.

Биыл университет дәрігерлерді, фармацевтерді, қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандарын, мейіргерлерді, стоматологтерді және басқа да медицина саласының өкілдерін даярлап шығарды. Олар жуырда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады.

Университеттің ерекше мақтанышы-оқуын үздік тәмамдаған 354 түлек. Ең жоғары академиялық нәтижеге GPA 3,92 көрсеткішімен Аружан Қанатова мен GPA 3,90 көрсеткішімен Аида Байбусунова қол жеткізді. Олар талант, табандылық және күнделікті еңбектің әрдайым биік жетістіктерге жеткізетінін дәлелдеді.

Жас мамандарды айтулы оқиғамен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Алназарова құттықтады. Ол медицина қызметкері мамандығының ерекше маңызын атап өтіп, түлектерге өз жолында сенімді қадам басуды, білімдерін үнемі жетілдіріп отыруды және әрбір медициналық шешімнің артында адам өмірі тұрғанын ешқашан ұмытпауды тіледі.

Ізгі тілектер мен ақжарма лебіздер университет басшылығы, оқытушылар және құрметті қонақтар тарапынан да айтылды. Олар ата-аналарға көрсеткен қолдауы үшін, ал ұстаздарға мамандыққа адалдығы мен медицина саласының жаңа буынын даярлауға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

Мерекенің ең әсерлі әрі күтпеген сәттерінің бірі университет проректорларының музыкалық тартуы болды. Олар «Біз сіздерге бақыт тілейміз» әнін орындап, түлектерге шынайы эмоция мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көрермендер өнер көрсетуді ұзақ қол шапалақпен қарсы алып, көпшілік қуаныштан күлкісі мен көз жасын жасыра алмады.

Түлектер кеші жай ғана салтанатты рәсім емес, өмірдің жаңа кезеңінің басталуын білдіретін маңызды белеске айналды. Қолға алынған диплом жас мамандар үшін тек білім жолын сәтті аяқтағанының дәлелі ғана емес, сонымен қатар қоғамның ең жауапты мамандықтардың бірін таңдаған жандарға артқан зор сенімінің белгісі болды.

Енді Астана медицина университетінің түлектерін алғашқы жұмыс күндері, алғашқы пациенттері, алғашқы кәсіби жетістіктері және адам денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететін маңызды шешімдер күтіп тұр. Дәл осы жас мамандар отандық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытып, қазақстандық медицинаның үздік дәстүрлерін сақтай отырып, оның жарқын болашағын қалыптастыратын болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика