Астана медицина университетінде резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Бұл білім алушылардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақылы оқу нысанынан оқуға ауысуына мүмкіндік береді.
Конкурсқа қатысу үшін бос мемлекеттік білім беру грантына ауыстыру туралы өтініш және резидентурада оқыған барлық кезеңі бойынша транскрипт беру, сондай-ақ жеке куәліктің көшірмесін қоса беру қажет.
Құжаттарды қабылдау:
Астана қаласы, Абай көшесі, 47 мекенжайы бойынша Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің 2026 жылғы 21 маусым мен 24 шілде аралығында 717-кабинетінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың қаражаты есебінен ақылы негізде оқитын білім алушылар да конкурсқа қатыса алады. Оқуына ақы төлейтін тараптан бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсатпен келісім-хаттың болуы міндетті шарт болып табылады.