«Med Science» – брейн-ринг жеңімпазы

«Med Science» – брейн-ринг жеңімпазы

«Med Science» – брейн-ринг жеңімпазы

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында медициналық мекемелер арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты қызықты брейн-ринг өтті.

Астана медицина университетінің атынан қатысқан «Med Science» командасы сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды.

«Med Science» командасына «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының м.ғ.к., профессор Гүлжан Асемова, аға оқытушы Назгул Сутимбекова, доцент-зерттеуші Айгуль Утегенова, доцент Еркегүл Даулетхан, аға оқытушысы Мадина Ботбаева және команда капитаны капитаны болып Академик Е.Д.Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, диетолог дәрігер Жанна Нұрберген қатысты. Университет командасын іс-шараға дайындап, ұйымдастырып апарған мемлекеттік тіл мамандары Асыл Шаймуратова мен Гуля Абдешова.

Бұл жеңіс – команданың білімділігі, ұйымшылдығы мен белсенділігінің жарқын нәтижесі. «Med Science» командасын жеңісімен құттықтаймыз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика