Биыл Астана медицина университетіне 1 240 бакалавриат студенті, оның ішінде шетел азаматтары оқуға түсті.
Қазір бірінші курс студенттері бейімдеу апталығынан өтуде. Бұл аптада олар тек оқу процесінің қалай ұйымдастырылғанын, сабақ кестесін қайдан көруге болатынын және оқу мәселелері бойынша кімге жүгінуге болатынын біліп қана қоймайды.
Университет студенттерге ересек, дербес өмірге алғашқы қадам жасауға да көмектеседі.
Бірінші курс студенттеріне дербестік пен жауапкершілік, университеттегі тәртіп ережелері, қаржылық және цифрлық қауіпсіздік, оқытушылармен және қатарластарымен дұрыс қарым-қатынас жасау, өз әл-ауқатына көңіл бөлу туралы түсіндіріледі. Сонымен қатар олар әлеуметтік және психологиялық қолдауды қайдан алуға болатынын, сабақтан тыс уақытта өздерін қалай дамытуға, қызығушылықтары ортақ адамдарды табуға және университет қауымдастығының бір бөлігі болуға болатынын біледі.
Өйткені бірінші курс – бұл тек жаңа пәндер, оқытушылар мен емтихандар ғана емес. Көптеген студенттер үшін бұл отбасынан бөлек өмір сүрудің, өз бетінше шешім қабылдаудың және өз таңдауы үшін жауапкершілік алудың алғашқы тәжірибесі.
МУА бірінші курс студенттеріне университетке ғана емес, өздері үшін жаңа ересек өмірге де бейімделуге көмектеседі.
Астана медицина университетіне қош келдіңіздер!