Мюнхен қаласында кардиология саласындағы әлемдегі ең ірі кәсіби іс-шаралардың бірі — ESC Congress 2026 өтті. Конгресс әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші кардиологтарды, ғалымдарды, зерттеушілер мен практик дәрігерлерді біріктірді.
Астана медицина университетін халықаралық конгресте Жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы, докторант, кардиолог дәрігер және EuroAsia жас кардиологтарының үйлестірушісі Елдана Нұрболатқызы Абсаматова таныстырды. Оның ғылыми жетекшісі - профессор Аян Абдрахманов.
Конгресс аясында Елдана Абсаматова «EuroAsia 1st Summit - reminiscences: Young cardiologists - plan for action» тақырыбында баяндама жасады. Ол Алматы қаласында өткен алғашқы ESC EuroAsia Summit нәтижелерін таныстырып, жас кардиологтар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған нақты қадамдарды ұсынды.
Баяндама барысында Елдана Абсаматова өңір елдерінің жас кардиологтарын біріктіретін тұрақты кәсіби платформа - EuroAsia Young Cardiologists Network құру бастамасын да таныстырды. Жаңа желі жас мамандарға ғылыми серіктестер табуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге, халықаралық білім беру жобаларына қатысуға, клиникалық тәжірибе алмасуға және тәжірибелі мамандардан тәлімгерлік қолдау алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан кардиологтар қауымдастығы Елдана Абсаматованы ESC Young Cardiovascular Professionals Committee - Еуропалық кардиологтар қоғамының жас жүрек-қантамыр мамандары комитетіне іріктеуге қатысу үшін кандидат ретінде ұсынды.
Астана медицина университеті үшін бұл - жас мамандардың халықаралық кәсіби кеңістікке белсенді интеграцияланып келе жатқанының маңызды көрсеткіші. Университет өкілдері ірі халықаралық конгрестерге қатысып қана қоймай, өз бастамаларын ұсынып, жаңа кәсіби байланыстар қалыптастырып, халықаралық ғылыми және білім беру ынтымақтастығының дамуына үлес қосуда.