2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында төмендегі шетелдік жоғары оқу орнына оқуға конкурс жарияланады:
1. Әзербайжан медицина университеті — 6 орын.
Оқу мерзімі: 2,5 апта.
Бағыттар:
- Жұқпалы аурулар (ересектер және балалар) — 2 білім алушы;
- Офтальмология — 2 білім алушы;
- Дерматовенерология — 2 білім алушы.
Ішінара қаржыландыру: екі бағыттағы әуе билеттері Университет қаражаты есебінен төленеді. Қаржыландыру сомасы 170 АЕК-ке дейін. Оқу ақысы, тамақтану және тұру шығындары білім алушының өз қаражаты есебінен төленеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 18–29 қыркүйек.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Академиялық қарыздарының болмауы;
2. Тәртіптік жазалардың болмауы;
3. GPA көрсеткіші — кемінде 2,6; академиялық ұтқырлық бағдарламасына қайта өтініш беретін үміткерлер үшін — кемінде 3,6;
4. Халықаралық және республикалық олимпиадаларда немесе конференцияларда жүлделі орындардың болуы құпталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. CV / түйіндеме;
2. Motivation Letter / уәждемелік хат;
3. Recommendation Letter / Кафедра меңгерушісі қол қойған ұсынымдық хат
4. 3 × 4 см көлеміндегі 2 фотосурет;
5. Паспорт копиясы;
6. Транскрипттер: бакалавриат, интернатура және резидентура бойынша диплом қосымшалары копиясы;
7. Өтініш. Өтініш нысаны қосымшада ұсынылған. Құжаттарды тапсырар алдында өтінішке Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысынан қол қою қажет. Мекенжайы: Абай көшесі, 47, 716 немесе 717-кабинет.
Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
Өтінімдер Халықаралық ынтымақтастық орталығында 2026 жылғы 18–29 қыркүйек аралығында қабылданады.
Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 49А, бас ғимарат, 414-кабинет
Академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші: Сатаева Мерей Қанатқызы
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 16:00-ден 17:20-ға дейін
Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.