Астана медицина университеті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің конгресіне қатысты

Астана медицина университеті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің конгресіне қатысты

Астана медицина университеті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің конгресіне қатысты
2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің Конгресі өтті. Ауқымды іс-шара санитариялық-эпидемиологиялық саланың, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдерін, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен шетелдік әріптестерді бір алаңға жинады.

Конгресс жұмысына «Астана медицина университеті» КЕАҚ атынан Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінің деканы А. Баймағамбетова, Эпидемиология және менеджмент орталығының директоры А. Мусина, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Р. Сүлейменова және оқытушы Ж. Ермахан қатысты. Университет өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология саласындағы білім беру, ғылыми және практикалық әлеуетін таныстырды.

Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. «Астана медицина университеті» КЕАҚ өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және денсаулық сақтау жүйесіндегі басқару салаларында заманауи құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған бакалавриат және магистратура деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Университеттің Конгреске қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ білім беру, ғылыми және практикалық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Бүгінде жаңа буын мамандарын даярлау қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Осы бағытта «Астана медицина университеті» КЕАҚ денсаулық сақтау саласының заманауи қажеттіліктері мен халықаралық стандарттарға бағдарланған білім беру және ғылыми қызметін одан әрі дамытып келеді. Университет білімді, практикалық тәжірибені және инновациялық тәсілдерді сабақтастыра отырып, білікті мамандар даярлауды қамтамасыз етуде.

Конгресс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметін одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын Резолюция қабылданды.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика