МУА-да Жоғары білім қызметкерлері күні жарқын аталып өтті!

МУА-да Жоғары білім қызметкерлері күні жарқын аталып өтті!

МУА-да Жоғары білім қызметкерлері күні жарқын аталып өтті!

Оқытушылар мен студенттер әріптестеріне мерекелік көңіл күй сыйлау үшін сахнаға шықты. Музыка, би, театрландырылған қойылымдар мен жылы құттықтауларға толы кеште күнделікті дәрістер мен практикалық сабақтарда көріп жүрген жандарымыз жаңа қырынан танылып, университетімізде шығармашылық таланттардың көп екенін көрсетті.

Жалпы медицина мектебі «От первого шага до белого халата» қойылымын ұсынса, кітапхананың домбыра оркестрі «Қазақтың күйлері» попурриін орындады. Педиатрия, стоматология, мейіргер ісі мектептері, Симуляциялық орталық, ЦООиР, ДАР және ДСВР музыкалық және хореографиялық нөмірлер дайындады.

Фармация мектебінің оқытушылары мен студенттері арасындағы би баттлы және қоғамдық денсаулық сақтау өкілдерінің бірлескен флешмобы мерекеге ерекше серпін берді. Университет өміріндегідей, сахнада да әр буын өкілдері бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ шығармашылыққа ұйысты.

Әр өнер көрсетудің артында дайындық, толқу және әріптестерін қуантуға деген ықылас тұр. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға осы жарқын күн, сахнаға шығуға танытқан батылдықтары және ұзақ уақыт есте қалатын әсерлері үшін алғыс айтамыз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика