Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің профессор Г.В.Цой атындағы Хирургия ғылыми-білім беру орталығының «Veritas» командасы халықаралық хирургиялық олимпиадада табысты өнер көрсетіп, жекелеген пәндер бойынша тоғыз жүлделі орынға ие болды және жалпыкомандалық есепте III орын иеленді.
Беларусь Республикасының Гродно қаласында Гродно мемлекеттік медицина университетінің базасында «Операциялық хирургия мен клиникалық анатомияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық студенттік ғылыми-білім беру хирургиялық форумы өтті.
Іс-шараға Беларусь пен Ресейдің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Олардың қатарында Гродно және Витебск мемлекеттік медицина университеттері, Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университеті, сондай-ақ академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті болды.
Олимпиада хирургия саласындағы практикалық дағдыларын жетілдіруге және кәсіби құзыреттерін дамытуға қызығушылық танытқан дарынды студенттердің басын қосты. Байқау кезеңдері хирургияның түрлі бағыттарын қамтып, қатысушылардан терең теориялық білімді, операциялық араласуларды дәл орындауды, клиникалық ойлау қабілетін және командада тиімді жұмыс істей білуді талап етті.
Профессор Г.В.Цой атындағы Хирургия ғылыми-білім беру орталығы директорының орынбасары Ирина Сергеевна Волчкованың жетекшілігімен өнер көрсеткен «Veritas» командасы жоғары кәсіби дайындық деңгейін танытып, хирургияның тоғыз бағыты бойынша жүлделі орындарға ие болды.
I орын:
Конъюнктивалық аяқшалы қиынды қалыптастыру;
Анальды сфинктеропластика.
II орын:
S.Ozaki әдісі бойынша аутоперикардпен қолқа қақпақшасын толық реконструкциялау;
Barclay операциясы;
Экстра-интракраниалдық микроанастомоз.
III орын:
Қантамыр хирургиясы;
Перифериялық нейрохирургия;
Бүйрек трансплантациясы;
Неоумбиликопластикамен эстетикалық абдоминопластика.
Барлық байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша «Veritas» командасы жалпыкомандалық есепте құрметті III орынға ие болды. Бұл нәтиже университет студенттерінің практикалық даярлығының жоғары деңгейін, тәлімгерлік жұмыстың тиімділігін және университеттің студенттік хирургия мектебінің дамуын көрсетеді.
«Veritas» командасының құрамы:
Андақұлов Дарын Бауыржанұлы — 6-курс, нейрохирургия.
Аккалов Саят Саматович — 4-курс, нейрохирургия.
Айрих Виктория — 6-курс, акушерлік және гинекология.
Хикматуллаева Дилрабо — 4-курс, акушерлік және гинекология.
Асанов Нурсултан Аъзамжанұлы — 5-курс, жүрек-қантамыр хирургиясы.
Бектурганова Айгерим Маратовна — 5-курс, жүрек-қантамыр хирургиясы.
Әріпханов Наржан Ғалымжанұлы — 5-курс, травматология және ортопедия.
Тулешова Айкен Айдарханқызы — 6-курс, травматология және ортопедия.
Тайман Амина Лесханқызы — 5-курс, трансплантология және торакалдық хирургия.
Бороздин Владимир Юрьевич — 4-курс, трансплантология және торакалдық хирургия.
Даумбаева Адель — 5-курс, пластикалық хирургия.
Ли Олег Александрович — 3-курс, пластикалық хирургия.
Машарипов Нурислам Исмаилович — 2-курс, анестезиология және реаниматология.
Мейрбек Мерей Нұрғалиқызы — 5-курс, абдоминалдық хирургия.
Туткушев Алишер Канатович — 3-курс, абдоминалдық хирургия.
Юртаев Евгений — 5-курс, урология.
Халықаралық олимпиадаға қатысу болашақ дәрігерлердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең болды. Студенттер алған білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп қана қоймай, шетелдік медициналық жоғары оқу орындарының өкілдерімен тәжірибе алмасуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік алды.
«Veritas» командасын, оның жетекшісі мен тәлімгерлерін лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Оқу, ғылыми және кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!