Құрметті әріптестер, білім алушылар мен түлектер!
Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен құттықтайды!
Бұл мереке баршамызды елімізге деген мақтаныш, оның тарихына құрмет және болашағына жауапкершілік сезімімен біріктіреді. Ол Қазақстан дамуының берік негізі саналатын егемендік, бірлік пен келісім құндылықтарының маңызын айшықтайды.
Біздің университет үшін елге қызмет ету күнделікті еңбектен — медицина кадрларын даярлаудан, ғылымды дамытудан, адамдардың денсаулығын сақтаудан және өмір сүру сапасын арттырудан көрініс табады. Оқытушыларымыздың, ғалымдарымыздың, дәрігерлеріміз бен түлектеріміздің әрбір кәсіби жетістігінің негізінде қоғамға пайда келтіруге деген ұмтылыс жатыр.
Көрнекті ғалым әрі дәрігер Төрегелді Шармановтың есімін мақтанышпен иеленген университет отандық медицина мектебінің дәстүрлерін жалғастырып, болашақ мамандарға білім берумен қатар, адамгершілік пен адамға құрмет құндылықтарын сіңіреді.
Өз еңбегімен, талантымен және білімге құштарлығымен университеттің және Қазақстанның денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген барша жанға алғыс білдіреміз.
Әр шаңырақта бейбітшілік пен береке орнап, жаңа бастамалар жасампаз еңбек пен кәсіби өсуге жол ашсын. Сіздерге зор денсаулық, ертеңгі күнге сенім және Республикамыздың өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Республика күні құтты болсын!