Қазақстандық және үндістандық дәрігерлер балалардағы бауыр ауруларының күрделі жағдайларын талқылауда

Қазақстандық және үндістандық дәрігерлер балалардағы бауыр ауруларының күрделі жағдайларын талқылауда

Қазақстандық және үндістандық дәрігерлер балалардағы бауыр ауруларының күрделі жағдайларын талқылауда

Астанада Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің № 3 балалар аурулары кафедрасы мен № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының қатысуымен балалар гепатологиясы бойынша халықаралық шеберлік сабағы өтіп жатыр. Үндістанның Ченнай қаласындағы Rela Hospital мамандары Нареш П. Шанмугам мен Ашвин Раммохан дәріс оқып, клиникалық жағдайларды талдауға қатысуда.

Нареш П. Шанмугам — балалар гастроэнтерологі және гепатологі, Rela Hospital ауруханасының аға консультанты әрі әйелдер мен балалар денсаулығы бағытының жетекшісі. Ол балалардағы бауыр ауруларын емдеуге және бауыр трансплантациясын қажет ететін науқастарды жүргізуге маманданған. Шеберлік сабағында доктор Шанмугам балалардағы бауырдың функционалдық сынамаларының нәтижелерін қалай түсіндіру керектігін және аутоиммундық гепатит пен Вильсон ауруын диагностикалау және емдеу мәселелерін қарастырады.

Ашвин Раммохан — гепатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бойынша хирург-консультант, Rela Hospital ауруханасының білім беру және ғылыми бағыттарының жетекшісі. Оның дәрістері балалардағы портальды гипертензия мен туа біткен портожүйелік шунттарға арналған.

Екі маман да Үндістанда балаларға жасалған 700 бауыр трансплантациясының ұзақ мерзімді нәтижелерін зерттеген ғылыми мақаланың авторлары қатарында. Мақала 2025 жылы Transplantation журналында жарияланған.

Шеберлік сабағының практикалық бөлімі клиникалық консилиум форматында өтуде. Бөлімше дәрігерлері мен резиденттер балалар ауруханасының тәжірибесіндегі күрделі клиникалық жағдайларды таныстырады. Олар үндістандық әріптестерімен бірге зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдап, әр науқасты жүргізу тактикасын, соның ішінде консервативті емдеу, хирургиялық араласу және бауыр трансплантациясы мүмкіндіктерін талқылайды.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика