Мейіргер ісі кафедрасының аға оқытушысы Құралай Жолдыбайқызы Аймолдина Назарбаев Университетінде өткен Планетарлық денсаулық және экологиялық тұрақты денсаулық сақтау жөніндегі II халықаралық конференцияның панельдік сессиясында ағылшын тілінде баяндама жасады.
Конференция әріптестермен пациенттер қауіпсіздігі мен денсаулық сақтаудың тұрақты дамуы мәселелерін талқылауға, зерттеу тәжірибесімен алмасуға және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.