Нидерландтық профессор Майкел Пеппеленбосх Sharmanov University резиденттеріне дәріс оқыды

Нидерландтық профессор Майкел Пеппеленбосх Sharmanov University резиденттеріне дәріс оқыды

Нидерландтық профессор Майкел Пеппеленбосх Sharmanov University резиденттеріне дәріс оқыды

2026 жылғы 10 қарашада Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің дәрігер-резиденттері Роттердамнан (Нидерланд) келген Erasmus MC университеттік медициналық орталығының делегациясымен кездесті.

Резиденттерге эксперименттік гастроэнтерология профессоры, Erasmus MC гастроэнтерология және гепатология бөлімінің зертхана жетекшісі Майкел Пеппеленбосх дәріс оқыды. Ол ішек микробиомын, ішектің қабыну ауруларын және ас қорыту жүйесіндегі ісіктердің дамуындағы молекулалық механизмдерді зерттейді. Дәрісте профессор медицина мен иммунология салаларындағы заманауи зерттеулер туралы әңгімеледі.

Кездесуде магистратура мен PhD докторантурасында білім алу, халықаралық тағылымдамадан өту және бірлескен ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері де талқыланды.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика