Sharmanov University мен Тэгу медициналық колледжі бірлескен магистратура бағдарламасын іске асыруға келісті

Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті мен Тэгу медициналық колледжі (Корея Республикасы) ынтымақтастық және «Кинезитерапия» мен «Эрготерапия» бағыттары бойынша бірлескен магистратура бағдарламасын іске асыру туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға Корея делегациясының Sharmanov University-ге сапары барысында қол қойылды. Рәсімге университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Анар Турмухамбетова және Тэгу медициналық колледжінің атқарушы вице-президенті Ким Ёнджун қатысты.

Тараптар білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты дамытуды көздейтін академиялық келісімге де қол қойды.

Сапар барысында делегация университеттің симуляциялық орталығына барып, оның жабдықтарымен танысты. Кездесуде тараптар оңалту, физикалық терапия және эрготерапия салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика