Sharmanov University-де Дивали мерекесі ән мен биге ұласты

Sharmanov University-де Дивали мерекесі ән мен биге ұласты

Sharmanov University-де Дивали мерекесі ән мен биге ұласты

Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде үнді халқының Дивали — Жарық мерекесі аталып өтті. Студенттер оқытушыларға, қонақтар мен курстастарына арнап концерт дайындады.

Бағдарламада қазақ және үнді би дәстүрлері тоғысты. Қатысушылар қазақ биін, «Рам Лила» желісі бойынша қойылымды және Оңтүстік Үндістан биін ұсынды. Қойылымдар арасында көрермендерге Дивали мерекесі мен оның мәні — жарықтың қараңғылықты, жақсылықтың жамандықты жеңуі туралы айтылды.

Таха мен Зайнаб, Таха мен Узайр, Аксель мен Эрик музыкалық нөмірлер орындады. Концерт Әлихан, Диана, Аделия және Аминаның топтық биімен аяқталды.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика