Профессор Еркін Әбілдің дәрісі «Тұлға. Дәуір. Қоғам» жобасын ашты

Профессор Еркін Әбілдің дәрісі «Тұлға. Дәуір. Қоғам» жобасын ашты

Профессор Еркін Әбілдің дәрісі «Тұлға. Дәуір. Қоғам» жобасын ашты

Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде «Тұлға. Дәуір. Қоғам» жобасы басталды. Жобаның алғашқы қонағы қазақстандық тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл болды. Оның «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихы: мәселелер, жетістіктер және үрдістер» атты дәрісі еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі 35 жылдық жолына арналды.

Профессор Қазақстанның 1990 жылдардың басында қандай қиындықтарға тап болғанын баяндады. Экономикалық байланыстардың үзілуі, өнеркәсіптің одақтық орталыққа тәуелділігі және көлік желісінің бытыраңқылығы дербес мемлекеттік институттарды құрумен қатар шешуді қажет етті. Дәріскер мемлекеттіліктің қалыптасуына, қаржы жүйесінің құрылуына және ұлттық валютаның енгізілуіне ерекше назар аударды.

Еркін Әбіл ел өміріндегі өзгерістерді нақты көрсеткіштер арқылы таныстырды. Олардың қатарында экономиканың дамуы, тұрғын үй, автомобиль және теміржол құрылысы, табиғи газға қолжетімділіктің артуы бар. Салыстырмалы деректер Қазақстан инфрақұрылымының қалай өзгергенін және ТМД елдері арасындағы орнын бағамдауға мүмкіндік берді.

Медицина университетінің аудиториясы үшін дәрістің демографияға арналған бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Профессор халық санының, өмір сүру ұзақтығының, туу көрсеткіштері мен бала өлім-жітімінің динамикасын қарастырды. Презентацияда халық табысы, инфляция және әлеуметтік теңсіздік мәселелері де қамтылды.

Дәрістің қорытынды бөлімі Қазақстанның даму перспективаларына — көлік және энергетика жобаларына, цифрлық технологияларға, инвестициялар мен әлеуметтік инфрақұрылымға арналды.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының «Тұлға. Дәуір. Қоғам» жобасы ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, мәдениет пен өнер өкілдерімен кездесулер арқылы жалғасады. Ашық диалог форматы тыңдаушыларға қонақтармен олардың кәсіби жолын, өмірлік тәжірибесін және өздері куә болған оқиғаларды талқылауға мүмкіндік береді.

https://www.youtube.com/watch?v=zOCJ-53sxcc
Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика