Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің ғалымдары мен мамандары өз идеялары мен ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан құрылған Ғылым жөніндегі сарапшылық кеңеске жолдай алады.

Кеңес отандық ғылымның өзекті мәселелерін талқылап, заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сарапшылық жұмысқа ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар зерттеушілер мен мамандар шақырылады.

Ұсыныстар мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін:

ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;

ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру;

зертханаларды жабдықтау және материалдық-техникалық базаны дамыту;

ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;

зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу.

Ұсынысты қалай жолдауға болады

Өтініште нақты мәселені көрсетіп, оның маңыздылығын негіздеу және ықтимал шешу жолдарын ұсыну қажет. Егер мәселені шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу талап етілсе, қандай өзгерістер қажет екенін көрсету керек.

Ұсыныстар мен бастамалар Құрылтайдың ресми сайтындағы «Қызмет» → «Сарапшылық кеңестер» бөлімі арқылы қабылданады. Одан әрі Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.

https://quryltai.kz/kk/home

Университеттің ғылыми ұжымдары мен зерттеушілерін өз тәжірибесіне негізделген ұсыныстарын жолдауға шақырамыз.

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика